Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Қазақстандағы шарт бойынша ерекше құқыққа иелік ету

Қазақстан Республикасының заңнамасында шарт бойынша өнеркәсіптік меншіктің тіркелген нысанына ерекше құқыққа иелік етудің келесі түрлері қарастырылған:

  1. объектке ерекше құқықты басқаға беру (беру) шартын жасасу;
  2. өнеркәсіптік меншіктің тіркелген нысанына ерекше құқықты ұсыну туралы лицензиялық (сублицензиялық) шартты жасасу;
  3. өнеркәсіптік меншіктің тіркелген нысанына ерекше құқықты ұсыну туралы шарттан тұратын кешенді кәсіпкерлік лицензия (сублицензия) шартын жасасу;
  4. кепілзат шартын жасасу.

Қақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес шарт бойынша ерекше құқыққа иелік етумен байланысты келесі мемлекеттік қызметтер қарастырылған:

  1. «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметі;
  2. «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш түскен күннен бастап – 40 (қырық) жұмыс күні. Көрсетілген мерзім «ҰЗМИ» РМК қызметтері төлемі түскен сәттен бастап есептелініп, қызмет алушы тарапынан ұсынылмаған немесе түзету енгізілген құжаттарды ұсыну қажеттілігі болған жағдайда немесе қажетті өзгерістер мен толықтыруларды «ҰЗМИ» РМК сұрауы бойынша 3 (үш) ай 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде енгізген жағдайда ұзартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері:

  1. шартты мемлекеттік тіркеу. Бұл ретте шарттың негізгі бетінде тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген растаушы тіркеу мөртабаны қойылады;
  2. мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша шартты мемлекеттік тіркеуден дәлелді түрде бас тарту.

Электрондық үкімет порталына жүгінген кезде – шартты мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Өтініш қызмет алушы шарттың сараптамасын өткізу бойынша қызметтер төлемін, сонымен бірге баж салығы төлемін растайтын құжатты ұсынбаған жағдайда, берілмеген болып танылады. Баж салығы және «ҰЗМИ» РМК қызметтері үшін тарифтер мөлшерімен патенттік ведомствоның ресми сайтынан www.kazpatent.kz танысуға болады.

Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын, кепілдік шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтініштердің бланкілерін патенттік ведомствоның ресми сайтынан www.kazpatent.kz алуға болады.

Өтінішке:

  1. негізгі бетпен жабдықталған шарттың мәні өнеркәсіптік меншіктің біркелкі объектілері болып табылатын шарттың телнұсқалары төрт данада. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен куәландырылады, байланған және нөмірлері көрсетілген беттердің саны туралы жазба жасалынып, тараптардың өкілдерінің немесе тараптардың уәкілетті өкілдерінің мөрлері мен қолдары қойылады. Лицензиялық шарттар үшін тіркеуге материалдарды беру шартқа қол қойған күннен бастап алты айдан кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс. Шарттың телнұсқасының орнына шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
  2. сенімхат, егер өтініш патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл немесе өзге өкіл арқылы берілсе;
  3. баж салығын төлеуді растайтын құжат;
  4. сараптама жасау ұйымы қызметтерін төлеуді растайтын құжат қоса беріледі.

Лицензиялық шарттар бойынша ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа лицензиар (сублицензиар) басқару органының шартты жасасу және өтініш заңды тұлға атынан берілген жағдайда, кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюға өкілдік беру бойынша шешімдерді ұсынады.

Беру шарттары бойынша ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа қорғау құжаттың иесінің басқару органының шешімін немесе ерекше құқықтарын, кәсіпорын басшысының шартқа қол қою бойынша өкілдікті ұсыну және шартты жасасу сұрағы бойынша құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімін ұсынады.

Өтініш және басқа қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік азаматтардың аты-жөндері мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясында көрсетілуі тиіс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, өтінішке олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

Шарт бойынша ерекше құқыққа иелік ету сұрақтарын реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, 1994 жылғы 27 желтоқсанда Жоғарғы сот қабылдаған; 
  2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім)» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Кодексі;
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV;
  4. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422-I Заңы;
  5. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427 Заңы;
  6. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 Заңы;
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;
  8. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығы;
  9. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығы;
  10. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығы.