Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Ақпараттық хабар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірледі

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірледі (бұдан әрі – Заң жобасы).
Заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасын әзірлеу барысында ЭЫжДҰ мемлекеттерінің тәжірибесі зерттелді және Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі назарға алынды.
Заң жобасындағы басты жаңа енгізілім өнеркәсіптік меншік объектілеріне құжаттарды беру, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органның (Әділет министрлігі) құзыреті сараптама жасау ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға) аталған мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылауды уәкілетті органда сақталумен ұсынысы болып табылады.
Сонымен қатар, авторлардың құқықтарын беру тиімді қорғалуын қамтамасыз ету, аталған салада қызмет көрсетуді жақсарту, құқықтық кемшіліктерді жою жөнінде өзгертулер ұсынылады. Тауар таңбалар өтінімді қарау процедураларын, өнеркәсіптік үлгіге өтінімнің сипаттамасына қойылатын талаптарды өзгертуге бағытталған түзетулер енгізілуде.
Ұлттық заңнаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған ЭЫжДҰ сондай-ақ мемлекеттері қатысушы болып табылатын Тауар таңбалары бойынша заңдар туралы Сингапур шарттын және Патент құқығы туралы шарттын нормаларына сәйкес келтіру мақсатында өнеркәсіптік меншік объектілеріне лицензиялық (сублицензиялық) шарттарды тіркеу жүйесі жеңілдетіледі.
Бұдан басқа, қолданыстағы заңнаманы Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын зияткерлік меншік саласындағы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес, келтіруге бағытталған түзетулер енгізілуде.   
Заң жобасымен және оның тұжырымдамасымен «ҰЗМИ» РМК www.kazpatent.kz сайтында «Ақпараттық хаттар» бөлімінде танысуға болады.
Заң жобасына ұсыныстар мен ескертулер көрсетілген сайттарды орналыстырылған мерзімнен бастап бір ай ішінде келесі электронды мекенжайларға жіберуге болады:
s.nurimbetova@adilet.gov.kz (ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары С.А. Нуримбетоваға).
kazpatent@kazpatent.kz, abenova@kazpatent.kz («ҰЗМИ» РМК Бас кеңесші-сарапшы- А.Б. Абеноваға).